Отбасы начало великих дел
Сұрақ: Елбасы өзінің "Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" Жолдауында адам капиталы сапасын жақсартуды төртінші басымдық ретінде белгіледі. Осы бағытта Министрлік қандай жұмыстарды жүзеге асырады?
Жауап: Бүгін Қазақстанда 230 мыңнан аса медициналық қызметкерлер, соның ішінде 70 мыңға жуық дәрігер және 160 мыңнан аса орта медицина қызметкерлері жұмыс жасайды. Республикада дәрігерлермен қамтамасыз етілу көрсеткіші Еуроодақ және ТМД елдерінің қамтамасыз етілу көрсеткішінен жоғары екенін айта кеткен жөн.
Алғашқы көмек аурулардың алдын алу және ерте күресу үшін ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің ортаңғы буыны болып табылатындығын ескере отырып, медициналық-санитарлық алғашқы көмек (МСАК) дәрігерлерінің саны соңғы 10 жылда 7990 құрап 2,1 есе ұлғайды. Сонымен қатар, МСАК дәрігерлерінің үлесі барлық дәрігерлік кадрлардың жалпы көлемінде 6%-дан 15%-ға ұлғайды.
Мемлекет ішінде мейіргерлермен кадрлық қамтамасыз етілудің талдауы олардың санының артқанын көрсетеді, МСАК деңгейінде, 2 есе.
Сұрақ: Денсаулық сақтау саласын медициналық кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі қалай шешілуде?
Жауап: Өңірлерді медицина кадрларымен қамтамасыз ету үшін, сонымен қатар медициналық ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыру үшін біз бірқатар шараларды қабылдаудамыз.
2011 жылы Министрліктің бастамасымен «Білім беру туралы» ҚР Заңына медициналық мамандықтар бойынша мемлекеттік бюджет есебінен оқытылған түлектердің міндетті жұмыс жасау нормасы енгізілді. Алғашқы түлектер ЖОО оқуды 2019 жылы бітіреді. Облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен 2016-2018 жылдарға денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштерге, соның ішінде дәрігерлік кадрлар тапшылығын төмендету бойынша қол жеткізу туралы Меморандумдарға қол қойылды. Жыл сайын медициналық ЖОО түлектерін бөлу және жұмысқа орналастыру бойынша Жол картасы әзірленеді. Оны жүзеге асыру шеңберінде жас мамандарды өңірлерде бекітудің жекешелендірілген мониторингі жүргізіледі.
Жыл сайын денсаулық сақтау кадрларын интернатурада және резидентурада дайындау үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылады. Осылай, 2016 жылдың қорытындысы бойынша интернатураны 2977 маман, резидентураны 867 маман бітірді.
Сұрақ: Денсаулық сақтау кадрларын үздіксіз кәсіби дамыту үшін қандай жағдайлар жасалған?
Жауап: Ол үшін жыл сайын республикалық бюджетте мамандарды ел ішінде және шетелде біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға қаражат қарастырылады.
Мысалы: 2016 жылы барлығы 14 637 маман оқытылды, соның ішінде ел ішінде 14 133, мастер класстар шеңберінде 44 шетел маманын тарта отырып 419 отандық денсаулық сақтау кадрлары және шетелде 85 маман оқытылды
Медициналық және фармацевтикалық кадрларды дайындаудың үздіксіз қағидаларын қамтамасыз ету мақсатында қосымша кәсіби білім беру бағдарламаларын құруға модульді тәсілдер енгізілді. Ірі емханалар (облыстық, қалалық) базасында практика дәрігерлерімен және орта медицина мамандарымен дағдыларды дамыту үшін 16 өңірлік симуляциялық орталықтары ашылды. Білім мен дағдыларды бағалаудың республикалық орталығы жұмыс жасайды. Бағалау орталығымен симуляциялық технологияларды пайдалану арқылы тәуелсіз экзаменация шеңберінде білім мен дағдыларды бағалауға жаңа әдістер енгізіледі. ЖОО және Бағалау орталығының 6 оқу-клиникалық орталықтары жоғары технологиялы оқу симуляциялық құралдармен жабдықталған.
Сұрақ: Кадрларды дайындау жүйесін жетілдіру қалайша жүзеге асырылады?
Жауап: Осыған байланысты, Қазақстан, медициналық ЖОО үшін стратегиялық әріптестер есебінде, 500 үздік әлемдік ЖОО санына кіретін университеттерді тартады.
Отандық медициналық білім беру ұйымдарының алдыңғы қатарлы шетел университеттерімен стратегиялық әріптестігі медициналық ЖОО-ның ішкі және сыртқы нарықтағы позицияларын нығайтуға, білім беру үдерісінің сапасын жоғарлатуға, оқытушылардың, оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік жұмысына қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
Орта медициналық қызметкерлердің рөлін арттыру, оларды дайындаудың практикалық бағытын нығайту мақсатында Министрлік Финляндияның қолданбалы ғылым университеттерінің федерациясымен «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламасы әзірленді.
Аталған бағдарламаны жүзеге асыру 2014 жылдың қыркүйегінен сынақ жүзінде 6 мемлекеттік медициналық колледж базасында басталды. Ол практикалық дайындығы нығайтылған білікті мейіргерлерді дайындауға бағытталған. Пилоттық қолданбалы бакалавриат бағдарламаларын жүзеге асыратын колледждер Жоғары колледж статусын алғанын айта кеткен жөн.
2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарын тиімді басқарудың жүйесін қалыптастыру бойынша іс-шаралар қабылданады. Министрлікке ведомстволық бағынысты ұйым-Денсаулық сақтауды дамытудың республикалық орталығы базасында Кадр ресурстарының обсерваториясы құрылды. Обсерватория денсаулық сақтаудағы кадр ресурстарын тапшылықты болжауды, мемлекеттік демографиялық көрсеткіштерін ескере отырып жоспарлау тәсілдері мен әдістерін, аурулар және ауыртпашылық, денсаулық сақтау кадрларының ағымдығының көрсеткіштерін анықтауды жүзеге асырады.
Министрлік болжау және жоспарлау бойынша жүргізілген талдаулардың негізінде 2020 жылға дейін денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарына тапшылығы, сонымен қатар, базалық медициналық білім, резидентура, магистратура және докторантура мамандықтары бойынша қабылдау тапшылығы анықталды.
Барлық кәсіби белсенді мамандарды қамтитын Денсаулық сақтау кадрларының кәсіби тіркелімі әзірленуде.
Жоғарыда аталған іс-шараларды жүзеге асыру кадрлар қозғалысын анықтауға және шешімдер қабылдау үшін құрал болуға, кәсіби стандарттарды, үздіксіз кәсіби даму бағдарламаларын әзірлеуге, денсаулық сақтау кадрларының барлық ақпараттар базасымен ықпалдастырылған бірыңғай тіркелімін қалыптастыруға мүмкіндік беретін денсаулық сақтау кадрларын жоспарлау, жалдау, дайындау, дамыту және қолдаудың ықпалдастырылған жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осының барлығы халық сұранысына сәйкес медициналық қызметкерлерді сапалы дайындау және дұрыс бөлу мақсатында адами ресурстарды басқару саласында тиімді саясатты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Алексей Цой
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі
Мы напишем вам о самом важном в Otbasym