Отбасы начало великих дел
«Биссмиллә әррахман әррахим!
Я Құдіреті күшті Алла тағала, тілеген тілегімізді бере гөр, елімізге тыныштық, халқымызға амандық, береке-бірлік, қызық-қуаныш бере гөр. Ел басқарған азаматтарымыздың дендері сау, аман болсын, еліміздің бақытты болашағы мен береке-бірлігіне, халқымыздың тұрмыс-жағдайларының жақсаруы жолында жасаған еңбектері жемісті болсын!
Бақытты болсын қазағым,
Бақытты болсын балалар.
Әр үйден шықсын даналар,
Қуансын ата-аналар.
Гүлденсін қала-далалар!
«Кейінгі өсіп келе жатқан жастарымыздың білім-ғылымға деген құштарлықтары артып, ақылды, білімді, иманды мұсылман азаматтары болып, қазақ елінің өсіп-өркендеуіне үлес қосатын саналы азаматтар болып өсулерін нәсіп ете гөр» деп тілеймін.
Наурыздың 1-і «Алғыс айту» күні. Еліме, жеріме, халқыма алғысымды айтамын!
8 – наурыз Халықаралық Әйелдер мерекесі. Құрметті қыздарым, аяулы немерелерім, көрікті келіндерім, ақылды әйел азаматтар, ақ жаулықты аналар, сіздерді осы мерекемен құттықтаймын! Гүлдей жайнап жүре беріңіздер!
14 – наурыз «Көрісу» мейрамында баршаңызға аман-есен жүздесулеріңізді тілеймін. Ал, барлығымыздың Жыл басымыз Наурызда жыл жаңарып, еліміз де гүлдене берсе екен деймін!
Құрметті «Отбасым» журналының редакциясы! Мен бұндай журнал барын білмеген едім, балаларым айтқанынан біліп, сіздерге хабарласып отырмын. Журналдарың Қазақстанның әрбір отбасын жақсы хабарлармен қуантып, әр отбасында береке-бірлік, қызық-қуаныш болуына жұмылдырсын. Таратылымы көп болып, оқырмандарына қызық-қуаныш сыйласын дегім келеді!»
Мы напишем вам о самом важном в Otbasym