KZ RU

НОВЫЙ НОМЕР

ЧИТАТЬ

×
×
Выделенный текст:
×

Отбасы начало великих дел

Сандықтың Сіз білмейтін 6 сыры

Сандық — халықтар тұрмысында ерте кезден пайдаланылып келе жатқан ең ежелгі жиһаздың бірі. Көшпенді халықтар үшін ол өте қолайлы болған. Ішіне киім-кешектер сақтап, үстіне көрпелерді жинаған. Ал түнде сандық керует рөлін атқарған.
Традиции
2018-03-01
  1. Сандықтың аузына көбінесе ішкі құлып, кейде аспа құлып орнатылады. Сандықты жерге қойғанда түбі дым тартпау үшін, оның астыңғы төрт бұрышымен үйлестіре тақтайдан бұрышына аяқ орнатады. Сандықтың беті әр түрлі бояумен сырланып, өрнектеледі не айшықты қаңылтырмен, кейде өрнекті сүйекпен қапталады. Сандықтың екі бүйіріне тұтқа орнатылады.
  2. Қазақтарда сандық қалыңдық жасауының ажырамас бөлігі болған. Қыздың киімін, әшекей бұйымдарын осы сандыққа салып алып барған. Қалындықтың артынан баратын көрпе-төсегін де осы сандықтың үстіне жинаған.
  3. Сандық ашар – қазақ халқындағы жоралғылардың бірі. Келін түскенде оның сандығына арнаулы мата салынады. Ол «сандық ашар» жоралғысы кезінде алынып, сол тойға қатысқан әйелдердің бәріне жыртылып таратылады. Қолға тиген матаны «жыртыс» деп атаған. Жыртыс сыйлы кәде болып есептеледі.
  4. Қазақ шеберлері сандықты қайың, қара тал, емен ағаштарының сүрегінен жасаған. Сыртынан көркем етіп темір, мыс жапсырмамен, қатырма ою өрнектермен безендіріледі. Сандықтардың тұрмыста қолданылуына қарай көлемі де әр-түрлі. Кіші сандықтар 30-60 сантиметр болса, үлкендері 60-120 сантиметрге дейін жетеді. Және сандықтың ішінде сақталатын затқа қарай, арнайы атауы да болған. Мысалы, шай мен сары сандық» деген.
  5. Сандық өз тарихын тереңнен алады. Ғалымдардың Египеттен бастау алған сандық Еуропаға да тез тарап, итальяндықтар оны – «кассоне» десе, ежелгі римдіктер «арок» деп атаған. Аты басқа пайдаланған.
  6. Сандықты безендіру еліміздің әр өңірінде сан түрлі. Мысалы, Оңтүстікте сандықты бояумен сәндеу, ою жүргізу басымырақ болса, Солтүстік, Орталық, Шығыста түсті металдар мен әсемдеу жиі кездеседі. Ал, Батыста бедерлеп ою ойылып, қосымша түрлі-түсті бояулар жағылып, үйлесімді көркемделедіекен. Бүгінде сандықпен қыз жасауын арнайы дайындайды.

Жанар КӨБЕКБАЙ

Мы напишем вам о самом важном в Otbasym